2015 жылғы 17 сәуір, Астана қаласы
Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 25) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасына (И.В.Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.ҚАСЫМОВ
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі Ұлттық экономика министрі
_______________ А.Мұхамедиұлы __________________ Е.Досаев
2015 жылғы «____» _____________ 2015 жылғы «____» ______________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №365 бұйрығымен бекітілген
Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың әрекеті Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының атыс тирлеріне (атыс орындарына) және стендтеріне қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) аңшылық әуесқой атыстар – аңшылық қару иелерінің, аңшылық мақсатында қаруды пайдалану шеберлігін жетілдіру мүмкіндігін беретін бастапқы даярлық бағдарламасынан тыс даярлығы;
2) атыс аймағы – жандары және үсті қоршалған, нысаналар мен оқ ұстағыштар орналастырылған, оқтармен атылатын кеңістік. Онда сондай-ақ блиндаждар немесе көрсетушілерге және нысананы механикалық түрде орналастыруға арналған арнайы өзге де күркелер болуы мүмкін;
3) атыс галереясы – атыс позициялары (атыс орындары) орналасатын атыс шебінен және төрешілерге арналған (өту) аймақтан, команда өкілдеріне, бапкерлер мен көрермендерге арналған аймақтан тұратын аймақ;
4) атыс желісі – атушы одан шығып кетпеуі тиіс тирдің тік осьіне перпендикуляр шартты немесе белгіленген желі. Атыс кезінде қарудың ұңғысы атыс желісінің ар жағында болады;
5) атыс тирі – тирдің ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы адамдардың жеке және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтік және азаматтық қарудан нысанаға атуға арналған үй-жай (объект);
6) ашық тир (атыс орындары) – оқ қабылдағыштары, бүйірінде топырақ үйінділері немесе оқ теспейтін қабырғалары мен қажетті қауіпсіздік аймақтары бар ашық жер учаскелерінде орналасқан атыс тирі;
7) жабық тир - оқ теспейтін қабырғалары, төбесі және оқтың тирден тыс ұшуын болдырмайтын оқ қабылдағышы бар атуға арналған үй-жай;
8) жартылай ашық тир – оқ теспейтін қабырғалары, оқ теспейтін атыс шебінің төбесі, оқ қабылдағышы және атыс шебінен ату кезінде оқтың тирдің шегінен тыс ұшуын және рикошеттерін болдырмайтын оқ ұстайтын көлденең құрылғылары бар атыс тирі;
9) оқ шебі – атыс позициялары үшін орналастырылатын атыс желісінің алдындағы шартты немесе белгіленген көлемдегі алаң;
10) оқтарды ұстауға арналған құрылғы – дұрыс атылмаған немесе оқтың рикошетн ұстауға арналған қорғаныс құрылғы;
11) оқу-жаттығу атысы – спортшыларды жарыстарға, секциялар мен оқу топтарындағы практикалық сабақтарға дайындау, разарядтық нормаларға тапсыруға дайындау бойынша жаттығу атысы, азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушылардың бастапқы даярлық бағдарламалары бойынша атыс даярлығы.
12) стенд – калибрі 12-ден ірі емес бытыра оқтармен тегіс ұңғылы қарудан және үрлемелі қуаты кемінде 7,5 джоуль (бұдан әрі – Дж) және (немесе) калибрі 4,5 миллиметр (бұдан әрі – мм) аса пневматикалық қарудан атуға арналған ашық тир;
2. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу тәртібі
3. Заңды тұлғалар атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін оқу-жаттығу және аңшылық-әуесқой ату үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органы берген рұқсаттар бойынша ашады.
Үрлемелі қуаты 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгі пневматикалық қарудан атуға арналған атыс тирлерін ашу және оның жұмыс істеуі үшін ішкі істер органдарының рұқсаты талап етілмейді.
4. Атыс тирі (атыс орны) мен стендін ашуға рұқсат алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) ішкі істер органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атыс тирі (атыс орны) мен стенд ашуға рұқсат беру туралы өтініш;
2) мыналарды:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық сауалнамалық деректерді (заңды тұлғалар үшін – кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ);
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6697 тіркелген, Қазақстан Республикасы Десаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 108-1/у нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсы көрсетілімдердің жоқ екені туралы медициналық қорытындыларды;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетімен берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы;
Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтаманы, атыс бойынша нұсқаушының арнайы даярлығынан өткенін растайтын құжатты қоса бере отырып, атыс тирінің (атыс орнының) және стендтің жұмыс істеуіне жауапты (әкімші, нұсқаушы) және қару ұстауға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтерді;
3) заңды тұлға жарғысының және оның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтаманың көшірмесі;
4) мыналарды:
ашық атыс тирлеріне (атыс орындарына) арналған аумақтардың;
мамандандырылған ғимараттардың (атыс тирлері (атыс орындары), стендтер үшін) орналасу;
үй-жайлардың орналасу схемасын қамтитын меншік нысаны көрсетілген материалдық-техникалық базасы жоспарының көшірмесі;
5) техникалық нығайтылуын, күзет және өрт сигнализациясының бар-жоғын, өткізу режимін, қару мен оның патрондарын сақтау жағдайларын сипаттай отырып, қысқаша түсіндірме жазба;
6) атыс тирлерін (атыс орындарын) және оқу-жаттығуға арналған стендтерді ашқан жағдайда – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Халықаралық спорт атысы федерациясының нормалары мен ережелеріне сәйкестігі туралы «Қазақстан спорт атысы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің қорытындысы.
Құжаттардың көшірмелері ұйымның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның мөрімен және қолымен куәландырылады.
5. Ішкі істер органдарының қызметкері рұқсат алуға өтініш берушіден құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, қызметкер өтінішті көрсетілген мерзімде одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
6. Ішкі істер органдарының қызметкері атыс тирін (атыс орнын) мен стендін ашуға отыз жұмыс күн ішінде рұқсат береді.
Рұқсат беруден дәлелді бас тарту рұқсат беру үшін белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
7. Мына жағдайларда:
1) егер осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаған;
2) сақтау орныдары осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда;
3) «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады.
8. Ішкі істер органдары атыс тирі (атыс орны) мен стендті ашуға рұқсатты он жыл мерзімге береді.
9. Атыс тирі (атыс орны) мен стендтің мекенжайы ауысқан кезде, жауапты адам ауысқан, жауапты адамдардың құрамы өзгерген кезде, атыс тирін (атыс орнын) және стендті ашуға осы Қағидалардың 3-5-тармақтарында белгіленген тәртіппен жаңа рұқсат беріледі.
3. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерінің жұмыс істеу тәртібі
10. Атыс аймағының сыртқы қоршаулары мен оқтарды ұстап қалу құрылғысының сипатына қарай ату спортына арналған құрылыстардың бірнеше түрі белгіленеді:
1) жабылған (жабық) тирлер; 3) ашық тирлер (атыс орындары);
2) жартылай ашық тирлер; 4) стендтер.
11. Заңды тұлғалар атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерінің жұмыс істеуін айналасындағылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарттарды сақтай отырып жүзеге асырады. Атыс аймағының сыртқы қоршауларының және оқ қабылдау құрылғысының сипатына қарай тирлерді ашуға және жұмыс істеуіне мынадай талаптар:
1) шағын калибрлі қарудан атуға арналған ашық тирлер елді мекендерден кемінде 2 км қашықтықта, ал ірі калибрлі қарудан атуға арналған тирлер 6 км астам қашықтықта жабдықталады;
2) калибрі 12 мм-ден аспайтын тегіс ұңғылы қарудан және үрлемелi қуаты 7,5 Дж асатын және калибрі 4,5 мм пневматикалық қарудан спорттық атуға немесе спорттық-аңшылық атуға арналған стендтер өнеркәсіптік-шаруашылық және тұрғын үй мақсатындағы ғимараттардан кемінде 120 метр қашықтықта орналастырылады;
3) елді мекендер шегінде орналасқан стендттер атыс объектілерінің қоршауымен жабдықталады. Бұл қоршау атыстың бағыттары және секторлары бойынша көрсетілген объектінің жоспар-схмемасына сәйкес атыс шебінен кемінде 120 метр қашықтықта орнатылады және бытыра зарядтарының адамдарға не қандай да бір одан тыс объектілерге тікелей тиюіне жол берілмейді;
4) елді мекендер шегінде орналасқан жартылай ашық тирлер өнеркәсіптік-шаруашылық және тұрғын үй мақсатындағы ғимараттардан 100 м қашықтықта орналастырылады;
5) жабық тирлер шектеусіз орналастырылады.
12. Тегіс ұңғылы атыс қаруынан ату үшін тек № 7, № 8 және № 9 бытырамен оқталған патрондар пайдаланылады, басқа патрондарды пайдалануға жол берілмейді.
13. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тыйым салынған аудандарда атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін орналастыруға жол берілмейді.
14. Атыс тирі (атыс орны) мен стендтің пайдалануға жарамдылығы спорт атысы федерациясы (республикалық және облыстық маңызы бар спорттық объектілер үшін) өкілдерінің қатысуымен ішкі істер органдары қызметкерлері жасаған актілермен айқындалады.
15. Егер атыс галереясы мен қару-жарақ бөлмесі бір ғимаратта орналасқан болса, олар қосалқы үй-жайлардан (оқу сыныптарынан, демалыс бөлмелерінен, жаттықтырушылардың кабинеттері мен шаруашылық үй-жайларынан) болат торлы қалқандармен бөлінеді. Бұл қалқандарда үнемі құлыппен жабық тұратын торлы есіктер жабдықталады және мөрленген немесе пломбаланған күйде болады.
16. Аңшылық әуесқой атуға арналған атыс тирлерінде (атыс орындарында) және стендтерде атыс қарулары мен оның патрондарын сақтауға жол берілмейді.
Оқу-жаттығу атуларға арналған атыс тирлерінде (атыс орындарында) және стендтерде спорт (атыс) ұйымдарында (федерацияларда, дирекцияларда, орталықтарда, мектептерде, атыс және атыс-аңшылық клубтарда) қаруларды сақтауға жол беріледі.
Сақтау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымы ережесiнің 7, 8 және 9-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін арнайы жабдықталған қоймаларда жүзеге асырылады.
17. Атыс арасындағы үзіліс кезінде атыс галереяларында, тирлерде атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ қару мен патрондарды атыс шебінде қадағалаусыз қалдыруға жол берілмейді.
18. Тирге (атыс орнына) және стендтке өткізу режимі кіру мен шығудың, қаруды, патрондарды және басқа материалдық құндылықтарды кіргізудің (әкелудің), алып шығудың (әкетудің) қатаң тәртібін орнатуды көздейді. Объектішілік режим тирдің (атыс орны) және стендтің ішкі күн тәртібін (қызметкерлердің жұмыс уақыты режимін, қаруды, патрондарды беру мен тапсыру тәртібін, тұрақты және бір жолғы материалдық рұқсаттамалар енгізуді) сақтауды қамтамасыз ететін іс-шараларды қамтиды. Өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету мақсатында атыс тиріне (атыс галереясына) кіреберіс есіктер ілмектермен, электр қоңырауымен және көру саңылауымен жабдықталады. Қызметкерлерді, атқыш-спортшыларды және аңшыларды тирге (атыс орнына) және стендке өткізу кілттер мен құжаттама сақтауға арналған қажетті жәшіктермен, рұқсаттамалардың, нұсқаулықтардың, секциялардағы сабақ кестелерінің үлгілері бар стендтермен жарақталатын бақылау-өткізу пункті арқылы жүргізіледі.
19. Атыс жүргізген әрбір адамға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Атқыш парағы» ресімделеді.
Спорттық атыс секцияларында айналысатын спортшыларға ұдайы негізде «Атқыш парағы» тоқсанына бір рет ресімделеді.
20. Ату жүргізу алдында атыс жөніндегі нұсқаушы қаруды ұстау және атыс техникасының ережелері туралы нұсқама өткізеді, ол туралы «Атқыш парағына» тиісті белгі жасалады.
21. Атыс тирлері (атыс орындары) және стендтер аумағында алкогольге немесе есірткіге мас күйде немесе өзге де түрдегі уланған адамдардың жүруіне жол берілмейді.
Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
№ ___ РҰҚСАТ ТҮБІРШЕГІ
20 _____ жылғы «_____» ____________
__________________________________
(заңды тұлға басшысының тегі, аты-жөні, мекенжайы,
__________________________________
қызметтік немесе үйінің телефоны)
__________________________________
(жауапты адамның тегі, аты-жөні,
__________________________________
қызметтік телефоны, жауапты адамды
_________________________________
тағайындау туралы бұйрықтың № және күні)
__________________________________
(объекті, оның атауы, БСН (ЖСН)
__________________________________
көрсетіледі)
жеке жауапкершілігіне
______________________________
______________________________________
ашу, жұмыс істеу құқығына беріледі.
20__жылғы «__» ___ дейін жарамды
Бастық _______________________
(қолы)
М.О. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
№ ___ РҰҚСАТ
20 _____ жылғы «___» _____________
_________________________________
(заңды тұлға басшысының тегі, аты-жөні, мекенжайы,
_________________________________
қызметтік немесе үйінің телефоны)
________________________________
(жауапты адамның тегі, аты-жөні,
__________________________________
қызметтік телефоны, жауапты адамды
_________________________________
тағайындау туралы бұйрықтың № және күні)
_________________________________
(объекті, оның атауы, БСН (ЖСН)
__________________________________
көрсетіледі)
жеке жауапкершілігіне
______________________________________
______________________________________
ашу, жұмыс істеу құқығына беріледі.
20__ жылғы «__» ___дейін жарамды
Бастық_______________________
(қолы)
М.О.
Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша
Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат алу үшін өтініш
___________________________________________________________________
(ішкі істер органының толық атауы)
Кімнен _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН)
___________________________________________________________________
(атыс тирлері (атыс орындары) немесе стендтерін көрсету)
ашуға және оның жұмыс істеуіне рұқсат беруді сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы _________________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан,
___________________________________________________________________
елді мекен, көшенің атауы,үйдің /ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта __________________________________________________
Телефондар_________________________________________________________
Факс ______________________________________________________________
Банктік есепшоты __________________________________________________
(есеп шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Қызметті жүзеге асыратын мекенжайы _________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан,
______________________________________________________________________________
елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
____________ парақ қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және оларға атыс тирлерін (атыс орындарын) немесе стендтерді ашу және олардың жұмыс істеу құқығына рұқсат беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге өтініш берілген қызмет түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.
Басшы ________ ___________________________________________
(қолы) (тегi, аты, (болған жағдайда) әкесiнiң аты)
Мөр орны Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» __________
Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларына 3-қосымша
нысан
Кадр есебі жөніндегі жеке
ІС ПАРАҒЫ
ЛИЧНЫЙ ЛИСТОК
по учету кадров
1. Тегі _____________________________________________________________
Фамилия
Аты _______________________________________________________________
Имя
(Болған жағдайда) әкесінің аты _________________________________________
Отчество (при его наличии)
2. Жынысы ________________ 3. Тұған күні, айы және жылы ________________
Пол Год, число и месяц рождения
4. Тұған жері ____________________________________________________
Место рождения (село, ауыл, қала, облыс, республика)
(село, деревня, город, район, область, республика)
5. Ұлты__________________________________________________________
Национальность
6. Білімі ____________________________________________________________
Образование
Оқу орнынң атауы
және оның тұрған жері
Название учебного заведения и его местонахождение Түскен жылы
Год поступления Бітірген немесе шық-қан жылы
Год оконча-ния или ухода Бітірмесе, қай курстан кетті
Если не окончил, то с какого курса ушел Қандай ма-мандық бойынша білім алды
По какой специальности обучался Оқу орнын бітірген соң кім болып шықты, диплом не куәлік нөмерін көрсету керек
Какую квалификацию получил в результате окончания учебного заведения, указать
№ диплома или удостоверения
7. Қандай шетел тілдерін және ТМД қалықтарының тілдерін білесіз __________
Какими иностранными языками владеете
___________________________________________________________________________
(читаете и переводите со словарем, читаете и можете объясняться, владеете свободно)
8. Ғылым дәрежеңіз, атағыңыз ________________________________________
Ученая степень, звание
9. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен жаңалықтарыңыз бар __________________
Какие имеете научные труды и изобретения
____________________________________________________________________
10. Еңбек жылы (жоғары және орта оқу орындарында оқыған жылдарын, әскери қызметін қоса жұмысын т.б. қоса есептегенде)
Трудовая деятельность (включая учебу в высших и средних специальных учебных заведениях, военную службу, работу по совместительству и др.):
Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар кезінде қалай аталса, сол қалпында берілсін, әскери қызмет лауазымы округімен қоса көрсетілсін
При заполнении данного пункта учреждения, организации и предприятия необходимо именовать так, как они назывались в свое время, военную службу записывать с указанием должности, округа
Айы және жылы
Месяц и год Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін
Должность с указанием учреждения, организации, предприятия, а также министерства (ведомства) Мекеме, ұйым, кәсіпорынның
тұрған жері
Местонахождение учреждения, организации, предприятия
келген
вступления кеткен
ухода
11. Қандай мемлекеттік наградаларыңыз бар ____________________________
Какие имеете правительственные награды (қашан, немен наградталдыңыз)
(когда и кем награждены)
12. Әскери қызметке қатысы және әскери атағы _________________________
Отношение к воинской обязанности и воинское звание
Құрамы ______________________________________________________ Әскери түрі __________________
Состав (командалық, саяси, әкімшілік, техникалық т.с.с.) Род войск
(командный, политический, административный, технический и т. д.)
13. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы _________________
Семейное положение в момент заполнения личного листка
____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің туған жылын, тегін аты мен (болған жағдайда) әкесінің атын көрсетіп жазыңыз)
(перечислить членов семьи с указанием года рождения, фамилии, имени, отчества (при его наличии)
____________________________________________________________________
14. Мекен-жайыңыз бен телефоныңыз:___________________________________
Домашний адрес и телефон:
«___»______________________ 20__ ж. Өзінің қолы ____________
(толтырылған мезгілі) Личная подпись
(дата заполнения)
(Жеке іс парағын толтырушы қызметкер кейінгі өзгерістер туралы (білімі, ғылыми дәреже, атақ алуы т.с.с.) қызмет орнына хабарлауға міндетті. Бұл мағлуматтар жеке іс қағазына түсіріледі).
(Работник, заполняющий личный листок, обязан о всех последующих изменениях (образовании, присвоении ученой степени, ученого звания и т. п.) сообщить по месту работы для внесения этих изменений в его личное дело.)
Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларына 4-қосымша
нысан
Халықаралық спорт атысы федерациясының нормалары мен ережелеріне сәйкестігі туралы
«Қазақстан спорт атысы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің №_______ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Тир (атыс орны), стенд _______________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны және т.б.)
___________________________________________________________________
жабық, жартылай ашық, ашық тир (атыс орны) керегі көрсетілсін
Халықаралық спорт атысы федерациясының нормаларына сәйкес келеді.
Осы объектіде:
1. Халықаралық, республикалық, облыстық жарыстар.
2. Республикалық спорт ұйымдарының чемпионаттары (кубоктары).
азаматтық және қызметтік қару иелерінің бастапқы даярлау және біліктігін арттыру өткізіледі.
Қорытындының жарамдылық мерзімі 10 жыл. 20 ___ жылғы «__» _______
Басшы:_____________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, (болған жағдайда) әкесінің аты)
Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларына 5-қосымша
АТҚЫШ ПАРАҒЫ № _______
(сақтау мерзімі 3 жыл)
_________________________________________________
(объектінің атауы)
20 ____ ж «__» _____________
Атудың басталуы ___ сағат ______минут
Атудың аяқталуы ___ сағат ______минут
«Спорттық секциямен айналысу кеспесі»
дс сс ср вс жм сн жкс
1. __________________________________________________________________________
(атқыштың тегі, аты, (болған жағдайда) әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы)
2. Нұсқауды алдым____________________________________________________________
(атқыштың қолы)
3.__________________________________________________________________________________
(қарудың маркасы, моделі, нөмірі, сериясы, калибрі)
4. __________________________________________________________________________________
(Қаруды сақтауға және алып жүруге арналған рұқсаттың №, күні, кім берген,
__________________________________________________________________________________
жарамдылық мерзімінің аяқталу күні)
5. __________________________________________________________________________________
(атылған патрондардың атауы, маркасы, калибрі, саны)
6. __________________________________________________________________________________
(атысты жүргізген нұсқаушының тегі, аты, (болған жағдайда) әкесінің аты)
Ескертпе.
Оқ ату және стендтік ату бойынша республикалық және халықаралық жарыс кезінде «Атқыш парағы» ресімделмейді, атыстарды тіркеу жарыс өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
______________________________________ ______________________________________
(атқыштың қолы) (нұсқаушының қолы)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11219 болып енгізілді.